Жыл басынан бері шекарашылар жалған төлқұжатпен өтпек болған 16 адамды ұстады

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың басынан бері шекарашылар жалған төлқұжатпен шекараны кесіп өтпек болған 16 адамды ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті. 

Жыл басынан бері шекарашылар жалған төлқұжатпен өтпек болған 16 адамды ұстады
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

— 18 қаңтарда Түркістан облысының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде шетел азаматы басқа адамның төлқұжатымен Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтуге әрекеттенгені үшін ұсталды, — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінен. 

2024 жылы халықаралық қатынас жолдарында 400-ден астам осындай құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.

ҰҚК шекара қызметі жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұсталғанын жазған болатынбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар