Жыл соңына дейін көші-қон процесін реттейтін цифрлық платформа енгізіледі — Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет басшысы Олжас Бектенов құзырлы органдарға көші-қон саласында бірыңғай цифрлық платформа енгізуді жүктеді. 

Жыл соңына дейін көші-қон процесін реттейтін цифрлық платформа енгізіледі — Үкімет
Фото: Үкімет

— Көші-қон саласында заң бұзу фактілері бар. Мәселен, биыл мамырда жедел профилактикалық іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды. Мұндай жағдайдың жолын уақтылы кесу керек. Ол үшін цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізу қажет. Мигранттардың қозғалысын жүйеге келтіріп, толыққанды мониторинг жүргізу үшін шекарадан өткен кезде берілетін көшіп-қонушының id-картасын енгізу жұмысын жеделдеткен жөн, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Премьер-министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне тапсырма берді.

— Биыл 1 қарашаға дейін барлық дерекқорды толығымен интеграциялай отырып, көші-қон процесін есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді қамтамасыз етуге тиіс, — деп толықтырды ол.

Еске салсақ, жыл басында елімізде демография және көші-қон саласын реттейтін мемлекеттік орган құру ұсынылған еді

Айта кетсек, биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген

Соңғы жаңалықтар