Жылу көздерінде технологиялық параметрлердің бұзылуы жиілеп кетті – Премьер

үкімет
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов апатты жағдайдағы жылу электр орталықтарын жаңғырту мерзімін өзгертуге болмайтынын ескертті.

«Биыл жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтті деуге болады. Алайда, ірі апаттардың алдын алдық дегенімізбен, жылу көздеріндегі технологиялық параметрлердің бұзылуы жиілеп кеткен. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы апатты жағдайда тұрған 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Энергетика министрлігі әр объект бойынша маған апта сайын баяндап отыруға тиіс. Бекітілген мерзімдерді өзгертуге болмайды», - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы жылыту саласының мамандарына жаз бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуді тапсырды.

«Қыс бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болған Кентау мен Степногорскідегі, МАЭК пен «Топар» ГРЭС-індегі сияқты күрделі жағдайға жеткізбеу қажет. Жаз айларында күшейтілген режимде жұмыс істеу керек. Егер жұмыстар мерзімінде аяқталмай, сапасы төмендеп кететін болса, онда меншік иелерімен қатар, әкімдіктерге қатысты да шара қабылданады», - деді Премьер-Министр.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum