Жылу желілерін жаңғырту қарқыны төмен – Олжас Бектенов
АСТАНА. KAZINFORM – Жылу желілерін жаңғырту қарқыны төмен. Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов осындай мәлімдеме жасады.

«Роман Скляр менің тапсырмам бойынша проблемасы көп объектілерді аралап жүр. Таяуда ғана Қарағанды облысына барып келді. Роман Васильевич, жалпы жергілікті жерлерде шұғыл шешімдер мен барынша қатаң шараларды қабылдаңыз. Жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударуды сұраймын. Жылу желілерін жаңғырту қарқыны да төмен», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Премьер-Министрдің айтуынша, әзірге жоспарланған жұмыс көлемінің 25%-ы да орындалмаған.
«Өңірлер арасында Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында жылу желілерінің дайындығы төмен. Жылу желілерін жаңғырту жұмыстары негізінен республикалық бюджет қаражаты есебінен ғана жүргізіліп отырғанын айта кету керек», - дейді ол.