«Жинақ банкі» АҚ ЕБ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Құжатқа Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Ерлан Айтаханов және «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Олег Смирнов қол қойды. Бұл меморандум облыстың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру шегінде стратегиялық серіктестікті дамытуды қарастырады.
Тараптар агроөнеркәсіптік сектордағы, өңдеу, өндіру және басқа да аймақтың өнеркәсіп салаларындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға, сонымен қатар шағын және орта бизнесті, болашағы зор өнеркәсіп кәсіпорындарды несиелеуге, ақпаратты технологияларды және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлесіп жобалар жасауға келісті. Облыстың экспортер-кәсіпорындарына және әлеуметтік маңызы бар жобаларына ерекше көңіл бөлінеді.
«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен меморандумға қол қойғанымыз Қазақстан Республикасы Президентінің аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру бойынша маңызды қадам. «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің осыған белсенді қатысып жатқанына мен өте қуаныштымын», - деп айтып кетті кездесу қорытындылары бойынша «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Олег Смирнов.
Банктің Шымкент қаласында жаңа филиалын ашу шегінде жасалған «Жинақ банкі» АҚ ЕБ және ОҚО әкімдігінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум.
«Жинақ банкі» АҚ ЕБ Ресейдің қатысуындағы қазақстандық банк. Қазақстанның қаржы нарығында 5 жыл ойдағыдай жұмыс істеп келеді. «Даму» КДҚ, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылы «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің Қазақстан экономикасының нақты секторына бөлген инвестициялары 218 миллиард 475 миллион теңгені, бүкіл жұмыс кезеңінде - 419 миллиард 870 миллион теңгені құрады.
Бүгінгі таңда «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің 105 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 13-сі - филиалдар. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Қазақстандағы «Жинақ банкі» АҚ ЕБ «Сбербанк» халықаралық қаржы тобының бір бөлігі болып табылады.