19:12, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы бір шоттың орташа жинағы 400 мың теңгеге жуық - Г. Марченко
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы қорларындағы бір есепшоттың орташа жинағы 400 мың теңгеге жуық. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын таныстыру рәсімінде ҚР Ұлттық банкі төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

ҰБ төрағасының айтуынша, елімізде жылына 12 рет, яғни ай сайын нақты жинақ салымын жасайтындар 41-45 пайызды құрайды. «Көпшілік жұрт салымды ай сайын жасамайды, енді бір көпшілігі сирек жинақ салса, кейбіреулері тіпті де салымшы емес. Сондықтан да, бізде 2012 жылдың қыркүйегінде орташа жинақ, егер арифметикалық жолмен зейнетақы шоттарының санына жинақ санын және оның мөлшерін бөлетін болса, онда бұл көрсеткіш 400 мың теңгеге ғана жуықтайды. Әрине, бұл аз. Егер, азаматтар толығымен салатын болса, онда міндетті төлем бойынша бір адам сәйкес кезеңде 947 млн. теңге жинайтын еді», - дейді Г.Марченко.