Жітіқарада өрт шыққан тұрғын үйден 28 адам эвакуацияланды

Қостанай облыстық ІІД-нің хабарлауынша, оқиға орнына бірінші болып жергілікті полиция қызметінің автопатрулі жеткен. Полицейлер бірінші қабаттағы бір пәтердің терезесінен көк түтін шығып жатқанын байқаған. Олар кіреберіске кіріп, жанып жатқан пәтердің есігін қағады. Есікті екі жас жігіт ашады, тәртіп сақшылары оларды дереу далаға шығарған.
«Сержант Андрей Полинский жанып жатқан пәтерді тексереді, - дейді ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. - Тәртіп сақшысы бөлмелердің бірінен кереуетте жатқан жігітті байқап қалады. Оның астында матрас пен көрпе жанып жатады. Мас күйінде ұйықтап қалған жас жігітті оятып, полицейлер үйден алып шығады. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін полицейлер жанып жатқан матрас пен көрпені сөндіріп, тұрғын үйдегі 28 адамды эвакуациялап үлгереді».
Полицейлердің арқасында тұрғын үйдің тұрғындары зардап шекпеді. Отты дұрыс қолданбаған қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.