Жобаларды іске асыру барысында олардың қымбаттап кетуі үлкен мәселе тудырып отыр - Есеп комитеті

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жобаларды іске асыру барысында олардың құнының қымбаттап кетуі үлкен мәселе тудырып отыр.
None
None

Бұл ақыр соңында нысандардың уақтылы іске қосылмауына немесе олардың аяқталмай, тоқтап қалуына алып келеді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде 2009 жылға республикалық бюджеттің атқарылуын талқылау барысында Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет төрағасының айтуынша, былтырғы жылы жалпы алғанда 33 нысан 158,6 млрд. теңгеге қымбаттаған. Бұл сома есепті кезеңде нақты бөлінген қаражат көлемінің 21 пайызын құрайды. «Бұндай жобалардың ең көп саны су шаруашылығы, көлік және коммуникация салаларында, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарында анықталды», деді О. Өксікбаев.

Сонымен бірге, Есеп комитетінің төрағасы былтырғы жылы қаражаттың уақтылы игерілмегендігінен жергілікті жерлерде айтарлықтай қаржы жинақталып қалғанын, кейіннен оларды басқа шараларға бөлу фактілері анықталғанын мәлім етті. «Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме базарын салуға арналған 1 млрд. теңге мөлшеріндегі республикалық бюджет қаражаты Үкіметтің шешімімен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерін несиелендіруге бағытталған», деді Төраға.

Соңғы жаңалықтар