Жоғалған тікұшақ: Іздеу жұмыстары күрделі гидрографиялық жағдайда жалғасуда

АСТАНА. KAZINFORM — Із-түзсіз жоғалған тікұшақ экипажын іздестіру-құтқару жұмыстары 11 тәуліктен бері тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Поиски экипажа пропавшего вертолета
Фото: Қорғаныс министрлігі

Іздестіру жұмыстарына 330-дан астам әскери және азаматтық маман, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, эхолоттар, георадарлар, авиация мен кинологиялық есептоптар жұмылдырылған.

Поиски экипажа пропавшего вертолета
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінің мамандарымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері де тартылған.

Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі департаментінің жоғары білікті мамандары енді. Комиссияның бір бөлігі тікелей іздестіру шараларына қатысса, екінші бөлігі авиациялық оқиғаның себептерін анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Поиски экипажа пропавшего вертолета
Фото: Қорғаныс министрлігі

— Өтуі қиын аудандарда әуеден барлау жұмыстары жүргізілуде. Жағалау белдеуі мен көл акваториясы мұқият тексерілуде. Су түбінің терең шөгуі, көрінудің жоқтығы, ауа райының құбылмалылығы сияқты табиғи кедергілерге қарамастан, іздеу тәулік бойы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, арнайы жабдықпен жабдықталған ғылыми және техникалық ұйымдар да іске тартылды, — деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.

Оның айтуынша, техникалық тергеу аясында тікұшақты дайындау және пайдалану жөніндегі құжаттама, метеорологиялық және орнитологиялық жағдайлар, құқық қорғау және авиациялық қызметтердің материалдары, басқа да ықтимал факторлар кешенді түрде зерделенуде.

Поиски экипажа пропавшего вертолета
Фото: Қорғаныс министрлігі

Іздестіру жұмыстары экипаж мүшелерінің тағдыры анықталып, оқиғаның себеп-салдары толық айқындалғанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, тікұшақты іздестіру жұмыстары қашан аяқталатыны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар