Жоғалып кеткен 18 жастағы алматылық қыздың туыстары үндеу жариялады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жоғалып кеткен 18 жастағы алматылық қыздың туыстары үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әріп Назерке соңғы рет Тұздыбастау ауылындағы үйінен 10 шілде күні түскі сағат 14:00-15:00 шамасында шығып кеткен. Содан үйіне қайтып оралмаған. Қазіргі таңда Медеу аудандық ІІБ Әріп Назеркеге іздеу жариялады.

8 тәулік бойы қызынан хабар-ошар келмеген соң оның ата-анасы қазақстандықтарға үндеу жариялады.

«Егер Сіз біздің қызымызды ұстап отырсаңыз, қомақты сыйлыққа қайтаруыңызды сұраймыз. Біз ешкімді қудаламаймыз. Біз үшін қызымыздың үйге оралғаны ғана қажет. Қызым, Назерке, егер осы хабарландыруды оқып отырсаң, үйге қайта ғой. Сен бізге өте қажетсің, біз сені жақсы көреміз, сенің ата-анаң мен бауырларың өзіңді асыға күтуде», - дейді қыздың туыстары.

Телефон қоңыраулары детализациясының мәліметтері бойынша Назерке соңғы рет Гурилев 27 мекенжайында 40 минуттай отырған. Кейін түнгі сағат 23:00-дер шамасында Айша бибі 356 мекенжайында болған. Аталған мекенжайда шағын дәмхана мен автожуу орны бары анықталды.

Соңғы рет Назеркені түнгі сағат 12:00 мен 1:00-дер шамасында дәмхана қызметкерлері көрген.

Олардың айтуынша, қыз жылаған күйі жол бойына жүгіріп шыққан. Содан бері ешкімнің көзіне түспеді.

Жақындары Назеркенің неліктен хабарласпай жатқанына дал болып отыр. Ол биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан жақсы балл жинаған. Бойжеткен қалаған оқуыма түсемін деп ұмтылып отырған.

«Үйде ешқандай ұрыс-керіс дау жанжал болған жоқ. Тіпті ұрысқан күннің өзінде міне үшінші күн қатарынан жоғалып отыр. Хабарласатын еді ғой. Достары түгел іздеп жатыр. Жаман әдеттері жоқ. Мүлде бейхабармыз. Оны көрген-білген адам болса хабарлассыншы, өтінеміз», - деді әпкесі Дана Рақым.

Қазіргі таңда Назеркені іздеу жұмыстарымен Медеу аудандық ІІБ айналысып жатыр. Ал отбасы мүшелері мен туысқандары, жанашыр адамдар Айша бибі көшесінің маңындағы тау-тас, өзен-көлдердің арасын тінтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар