Жоғалып кеткен журналист Т.Әбиев Астанада жалдамалы пәтерде жасырынып жүрген, оның әрекетінің себебі анықталуда - ҚР ІІМ
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Полицейлер жоғалып кеткен журналист, «Қазақстандық БАҚ-тар альянсы» баспасөз клубының басшысы Тоқберген Әбиевті тапты.
Бұл туралы Твиттерде ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Еске салайық, Т.Әбиев 2012 жылдың 20 желтоқсаны күні Астана қаласы, Кенесары көшесі, 40 мекен жайында орналасқан «7-Континент» бизнес-орталығындағы кеңседен шығып, із-түзсіз жоғалып кетті. Елордалық полицейлер тұрғындардан оны іздестіруге қолғабыс етуді сұрады.
«Полицейлер Тоқберген Әбиевтің орналасқан жерін анықтады. Ол бұл уақытқа дейін жалдамалы пәтерде жасырынып жүрген. Оның бұл әрекетінің себептері анықталуда», - деп жазды Твиттердегі парақшасында ҚР ІІМ-нің ресми өкілі.