Жоғарғы рада Украина премьер-министрі мен Үкіметінің отставкаға кетуін қолдады
АСТАНА. KAZINFORM - Жоғарғы рада Украина премьер-министрі Денис Шмыгалдың отставкаға кетуін қолдады. Онымен бірге Украинаның барлық Үкіметі автоматты түрде отставкаға кетті, деп хабарлайды Delo.

Шмыгалды жұмыстан шығаруға 261 депутат дауыс берді. Үкіметтің отставкаға кетуі үшін 226 дауыс қажет болды.
Министрлер Кабинеті туралы заңға сәйкес, Жоғарғы Раданың премьер-министрдің отставкаға кетуі туралы шешім қабылдауы Үкіметтің барлық құрамының отставкаға кетуіне әкеледі. Отставкаға кеткен Министрлер Кабинеті Үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара береді. Бұл 17 шілдеде өтуі мүмкін.
Бұған дейін Зеленский Шмыгал АҚШ-тағы елші болады деп жоспарланған Рүстем Умеровтің орнына Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалатынын атап өткен болатын.
– Денис Шмыгалдың орасан зор тәжірибесі Украинаның Қорғаныс министрі лауазымында пайдалы болатыны сөзсіз. Дәл осы салада қазір ел ресурстарының, міндеттердің максимумы және жауапкершілік өте көп, - деді президент.
Жаңа премьер-министр қазіргі экономика министрі Юлия Свириденко болады депжоспарланп отыр.
14 шілдеде Зеленский оған Украина үкіметін басқаруды және оның жұмысын айтарлықтай жаңартуды ұсынды.
Денис Шмыгал 2020 жылдың 4 наурызынан бастап Украинаның премьер-министрі қызметін атқарды. Ол бұған дейін отставкаға кетуге өтініш берген еді.