Жоғарғы сот судьялары қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының үш судьясы қызметінен босатылды.

Высший Суд Жоғарғы Сот
Фото: Ағыбай Аяпбергенов /Kazinform

- Қазақстан Президентінің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңына, сондай-ақ ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәрбесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Парламент Сенатына Асқаржан Қапезұлы Кенжеғаринді, Ғазиза Шәмшидинқызы Мұсабекованы орнынан түсуіне байланысты және Бейбіт Бекмұхаметұлы Шермұхаметовты зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Жоғарғы сотының судьялары қызметінен болсату ұсынылды, - деді Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров.

Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.

Бұдан бұрын хабарланғанлай, қаңтар айының соңында Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум