Жоғарғы сот судьялар заң бұзуға мәжбүр болатын жағдайларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ербол Рахымбеков судьялардың істі толыққанды қарауына кедергі келтіретін себептерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің кей баптары бір-біріне қарама-қайшы келеді.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 24 бабы бірқатар сұрақтар туғызады: аталған бап судьяны бір мезгілде оқиғаны толыққанды және жан-жақты тергеу үшін заңда көрсетілген шараларды қабылдауға міндеттейді де, сотқа дейінгі тергеудің толыққанды болмауы мәселесін шешу үшін өз бастамасымен айғақтар жинауына тыйым салады», - деді ол Жоғарғы сотта өткен дөңгелек үстел отырысында.

Осыған байланысты, Е. Рахымбеков тергеудің жан-жақты және толыққанды жүргізілуін қолға алған судьялардың заң бұзуға мәжбүр болатынын атап өтті.

Е. Рахымбеков судьялардан істі қарағанда объективті көзқарас танытуды сұрады. 

«Өз қызметтерін тегін көрсететін қорғаушылар айғақтардың сотта қаралуы үшін белсенділік танытпайды. Істің сотта қаралу барысы күдіктінің, айыпталуышының, сотталушының құқықтары мен заң мүдделерін қорғайтын адвокаттың қызметімен тікелей байланысты. Сондықтан, кей жағдайларға судьялар объективті көзқарас танытқаны жөн», - дейді Е. Рахымбеков.

Соңғы жаңалықтар