Жоғарғы соттың бес судьясы лауазымдарынан босатылды

None
None
HҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сот судьялары лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ғалия Бақытжанқызы Аққуова, Әділ Жамбасбайұлы Құрықбаев, Амангелді Өмірбайұлы Сәрсенбаев, Моряк Смағұлұлы Шегенов орнынан түсуіне байланысты, ал Еліс Нұрқасымұлы Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалуына орай ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды.

«ҚР Президентінің Жарлығымен Е. Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ғ. Аққуова, Ә. Құрықбаев, А. Сәрсенбаев және М. Шегенов отставкаға кетті», - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Талқылаудан кейін Сенат депутаттары аталған судьяларды қызметтен босату туралы шешімді қабылдады.

Соңғы жаңалықтар
telegram