Жоғарғы Соттың сайтында Халықаралық кеңестің жұмысы туралы ақпарат орналастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы Соттың ресми интернет-ресурсының «Халықаралық ынтымақтастық» айдары шеңберінде «Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес» атты қосымша парақ ашылды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Кеңес жұмысы туралы барлық қажетті материалдар осы айдарда үш тілде, яғни мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес инвестициялық даулар ұғымдарын анықтаудың тәсілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жаңа жобасы талқыланды.

Жоғарғы Сот жанынан Халықаралық кеңес құру және оның бірінші отырысын өткізу Ұлт Жоспарының 25-қадамын тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады.

Жоғарғы Соттың ағымдағы жылғы 15 қаңтарында өткен жалпы отырысының қаулысымен Халықаралық кеңес және оның құрамы туралы ереже бекітілді. Кеңес отандық сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылық консультациялар береді. Белгілі қазақстандық ғалымдардан бөлек, оның құрамында беделді шетелдік заңгерлер де бар. Кеңесті Жоғарғы Сот Төрағасы басқарады. Оның мүшелері бір жыл мерзімге сайланады. Отырыс жылына кемінде екі рет өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар