Жоғарғы соттың судьялары #BizBirgemiz челленджіне қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері #BizBirgemiz челленджі бойынша Жоғарғы сот органы ғимаратының аумағын тазалауға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомство сайтына сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың судьялары #BizBirgemiz челленджіне қатысты

«Қарлы боранды елорданы ғана емес, сонымен қатар басқа да өңірлерді қамтыды. Сондықтан эстафетаны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қатар, Қарағанды облыстық сотына да жолдаймыз», - деді Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзәкіров.


#BizBirgemiz эстафетасын Жоғарғы сот ұжымы Конституциялық кеңес аппаратынан қабылдады.

Айта кетейік, елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді.