Жоғарғы соттың судьясы сот орындаушыларының әлеуметтік желілерді пайдалану себебін түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы сот төрешісі Елена Максюта сот орындаушыларының не себепті әлеуметтік желілерден аккаунт ашатындығының себебін түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Соттардағы ақпараттық жұмыстар соттардың БАҚ-мен өзара әрекеттестік тұжырымдамасына сәйкес жүргізіледі. Ол кешенді жұмыстардың жүргізілуіне, интернет және әлеуметтік желілерде жазылған сынға жедел жауап қайтару мақсатына бағытталған. Барлық соттарда БАҚ-мен өзара әрекеттестік бойынша үйлестіруші сот орындаушылары бар. Олар осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарып тұрады, ондағы басты мақсат - қоғамды сот жұмыстарымен таныстыру», - деп жазды Елена Максюта Фейсбуктегі парақшасында.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда ақпараттың басым бөлігі интернет арқылы таралады. Сол себепті судьялар сот төрелігінен басқа, өздерінің аккаунттары арқылы интернет пайдаланушылары арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.
«Мұны дұрыс емес дейтіндерді түсіне алмаймын. Меніңше керісінше, көптеген мәселелер шешілетін сияқты. Мәселен, біз жазылған пікірлерге жауап беріп қана қоймай, маңызды ақпараттармен, істі қарау тәжірибемізбен бөлісіп, сот кабинетінің жұмысы және «Талдау» форумы жайлы айтамыз», - деп түсіндірді Елена Максюта.