Жоғарғы Тобыл су қоймасында балықтар қырылуда

ҚОСТАНАЙ.  Шілденің 11-і.  ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ -  Қостанайда   облыс әкімінің     бірінші  орынбасары Виктор  Мейстер    басшылық  ететін  арнайы комиссия  су тоғанында балықтың  жаппай  қырылуының себебін зерттеуде,
None
None

деп      хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су  қоймасы    Лисаковск  қаласының  жанындағы   Таранов  ауданында  орналасқан.      Қырылып қалған бірнеше тонна  балық  су бетінде   қалқып жүр,  дейді    жергілікті     тұрғындар.

Табиғи  ресурстар және   табиғатты  пайдалануды реттеу     жөніндегі облыстық басқарма  бастығының  орынбасары Михаил Сёмышевтің  айтуынша,     оқиғаның мән-жайын   тексеру  жөніндегі комиссияға    эколог,  ихтиолог,  ветеринар  мамандар, төтенше жағдайлар қызметінің,  санитарлық-эпидемиологиялық  стансасының, су инспекциясының  өкілдері кіріп  отыр.  Олар оқиға орнында су сынамасын  зерттеп,  қоймаға өнеркәсіптік    кәсіпорындардың    қалдықтар  төккен-төкпегенін   тексеруде.

Оқиғаға   қатысты  әзірге  ешқандай  ресми мәлімдеме  түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар