Жоғары аудиторлық палата жер кодексіндегі қайшылықты жойды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымы негізінде Үкімет Жер кодексіндегі қайшылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады. Бұл туралы палатының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Тексеру барысында олардың пайдаланылуы, қорғалуы, сондай-ақ геодезия және картография мәселелері қаралды. Нәтижесінде Жер кодексінде мынадай қайшылық анықталды:
– 14-1-бапта жергілікті атқарушы органдарға ЖЭК нысандарын, индустриялық-инновациялық жобаларды және басым инвестжобаларды салуға жер беру жөнінде ұсыныстар мен шешімдер жобаларын дайындау өкілеттігі берілген;
– ал 16-бапта бұл өкілеттік олардың құзыретінен алып тасталған.
Осы қайшылықты жою үшін Жоғары аудиторлық палата Үкіметке заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды.
Соның нәтижесінде 2025 жылғы 17 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Жер кодексінің 14-1-бабынан облыстық әкімдіктердің ЖЭК нысандары, индустриялық-инновациялық және басым инвестжобаларға жер бөлу жөнінде ұсыныстар мен шешімдер жобаларын дайындау өкілеттігі (Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес) алынып тасталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жоғары аудиторлық палата ғылымды дамыту саласында 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылғанғанын мәлім еткен еді.