Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне тағайындалды.

Рахымжан ділдаев
Фото: ҚР ҚМ Мемлекеттік аудит комитеті

- Қазақстан Республикасы Конституциясының 57-бабына сәйкес, Парламенттің әр палатасы ҚР Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Осыған орай Конституцияның 58-бабы негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне Рахымжан Ділдаевтің кандидатурасын ұсынып отырмын, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Дауыс беру барысында палата депутаттары аталған кандидатураны қолдады.

Еске салсақ, жақында Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне Амангелді Исенов тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум