Жоғары тұрған, басшылық судьялық лауазымдарға кадр резервінен 13 судья шығарылды
АСТАНА. KAZINFORM – Кадр резервінен 13 судья шығарылды. Бұл үміткерлердің өз лауазымдарынан жоғары тұрған әрі басшылық судьялық лауазымдарға орналсуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы ҚР Жоғары сот кеңесі мәлім етті.

— Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген сот төрағасының, сот алқаларының төрағалары мен судьясының, Жоғарғы Сот судьясы мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру қағидаларының 37-тармағына сәйкес жоғары тұрған және басшылық судьялық лауазымдарға кадр резервінен 13 судья шығарылды, — делінген хабарламада.
Осы сілтеме бойынша кадр резервінен шығарылған адамдардың тізімімен танысуға болады.
Мына сілтеме бойынша жоғары тұрған және басшылық судьялық лауазымдарға кадр резервінің өзекті тізімімен таныса аласыз.
Бұған дейін хабарланғандай, судьяға құрметсіздік танытқан елорда тұрғыны бес тәулікке қамалды.