18:39, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы қазан айында Минскіде өтеді - Н.Назарбаев
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы қазан айында Минскіде өтеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысынан кейінгі бірлескен мәлімдемеде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

«Кездесу ағымдағы жылы 3 рет өтеді деп келістік. Көптеген мәселе бар, уақыт аз. Келесі кездесу қазанда Минскіде және желтоқсанда Мәскеуде өтеді», - деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, алқалы жиынға қатысқан Президенттер Кеден одағы аясындағы интеграциялық процестерді нығайту бойынша теңгерімді саясатты одан әрі жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірген.