Жоғары оқу орындары шетелдік қандастарымызды оқуға қабылдай бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның 6 қаласында ұлты қазақ, бірақ өзге елдің азаматы болып табылатын жастар ЖОО дайындық курсында оқу үшін кешенді тестілеуден өтті.
None
None

Қазақ тілі мен математика пәні бойынша тестілеу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті, Е,Бөкетов атындағы ҚарМУ, М.Дулати атындағы ТарМУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өтті.

Өзге елдердегі қазақтардың Қазақстанда білім алуы үшін 2014-2015 жылғы оқу жылына мемлекеттен 1400 грант бөлінді. Оқу 1 қазаннан басталады.

Жақында Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы ҚР Білім және Ғылым министрлігіне құжат қабылдаудың соңғы уақытын 20 тамыздан 20 қыркүйекке ауыстыру туралы өтініш-хат жіберген болатын. Өйткені, қауымдастық өкілдерінің айтуынша, Қытай мен Моңғолия қазақтары көптеген визалық кедергілердің салдарынан 20 тамызға дейін үлгеріп келе алмайды. Әрі сырттан келген жастар 1,5 ай бойы босқа уақыт жоғалтады.

Қауымдастық өкілдерінің өтінішін Министрлік қанағаттандырғанын да атап өту керек. Енді Қытайдан келген жастардың екінші легі ҚазҰУ қабырғасында 25 қыркүйекте емтихан тапсыратын болды.

Сондай-ақ шетелдік қандастарымыз Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Орал, Өскемен, Семей, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Жезқазған, Атырау қалаларында білім алуға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар