Жол апатынан қаза тапқан түркістандық донор 4 адамның өмірін ұзартты

АСТАНА. KAZINFORM –  Демалыс күндері Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде 4 науқастың өмірін ұзартқан донор Максим Войнюшаны еске алуға арналған хоккей матчы өтті.

Жол апатынан қаза тапқан түркістандық донор 4 адамның өмірін ұзартты
Фото: ҚР ДСМ

Өткен жылы 15 шілдеде Максим Войнюша ауыр апатқа ұшырап, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. 18 жастағы жас жігіт мопед рулінде болған және көлікпен соқтығысқан. Бірнеше күннен кейін, 23 шілдеде Максимнің миының қайтымсыз өлімі расталды. 

Жол апатынан қаза тапқан түркістандық донор 4 адамның өмірін ұзартты
Фото: ҚР ДСМ

Ми өлімі туралы хабардан кейін Максимнің туыстарымен әңгіме өткізілген және олар марқұмның ағзаларын донорлыққа беруді ұйғарған.

− Бұл оқиға – Максим мен оның отбасына алғыс білдіру мен мойындау ғана емес, Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі ағзалар донорлығын насихаттаудағы маңызды қадам. Бүгінде донорлық ағзаларды транспланттауды күту парағында 4117 адам, оның ішінде 96 бала тұр, − деп жазды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Соңғы 5 жылда Қазақстанда ағзаларды трансплантаттау бойынша 1005 ота жүргізілді, оның ішінде ағзалардың 92,1%-ы туыстық донорлардан, 7,9%-ы – қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан алынған. 

Жол апатынан қаза тапқан түркістандық донор 4 адамның өмірін ұзартты
Фото: ҚР ДСМ

Қазақстанда ағзаларды транспланттау бойынша жоғары технологиялық ота жасауға қажетті барлық заманауи инфрақұрылым бар. Қазіргі уақытта елімізде 7 транспланттау орталығы жұмыс істейді, 40 донорлық стационар, 4 иммунологиялық типтеу зертханасы ұйымдастырылған. Донорлық процесті үйлестіруді, анықтауды және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін республикалық, өңірлік және стационарлық үйлестірушілер желісі құрылған.

Алматы облысында алғашқы донорлық операция жасалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар