17:34, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жол апаттарынан мерт болғандар саны 23 пайызға кеміді ? алқа мәжілісі
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде соңғы он бес жылдың ішінде алғаш рет жол апаттарына байланысты көрсеткіштердің барлығы оңалды. Жолда жүру ережесі қатайтылғалы бері жол-көлік оқиғалары мен одан зардап шеккендер саны 14 пайызға азайды.

Ал жол апаттарынан мерт болғандар 23 пайызға кеміп отыр. Бұл дегеніңіз 1 мыңнан астам адам. Бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен алқа мәжілісінде министр Бауыржан Мұхамеджанов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз бұл бағыттағы алға қойған мақсаттарды қатаң бақылауда ұстаймыз», деді министр. Сондай-ақ ол сөзінде, еліміздегі көші-қон мәселесінің де қатаң бақылауға алынуы қажеттігін ескертті. «Бір жыл ішінде ішкі істер органдарында 1 миллион 300 мың шетелдік тіркеліпті. Бұл алдындағы жылмен салыстырғанда жарты есеге кем. Алайда, бұл жағдай тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдетіп отырған жоқ. Олар жыл ішінде 136 мың шетелдікті әкімшілік жауапқа тартып, 17 мың азаматты еліміздің аумағынан аластады», деді Б.Мұхамеджанов.