Жол апатына ұрынған бес қостанайлық ауруханаға түсті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Audi-89 маркалы автокөлік жол бағанасына соғылып, ондағы 5 адам ауруханаға түсті.

Жол апатына ұрынған бес қостанайлық ауруханаға түсті

Жол оқиғасы қарсы беттен келе жатқан Honda Accord жүргізушісінің кесірінен болған, ол солға бұрылған «аудиді» өткізбей қойған. Салдарынан машина аударылып қалған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Audi-89 көқлігін басқарған 29 жастағы қостанайлық мас күйде болған. Оның көлігіндегі 20-23 жастағы жігіттер жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір сот алды тергеу жүргізілуде.