Жол апатына ұшырау жағдайлары әлі де күрделі болып қалып отыр - ҚР ІІМ басшысы

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - 2007 жылмен салыстырғанда жолдағы адам өлімін 50 пайыздан артық көрсеткішке азайту мүмкін болғанымен, жол апатына ұшырау жағдайлары әлі де күрделі болып қалып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.
None
None
Оның сөзіне қарағанда, биыл жол-көлік оқиғалары 59 пайызға және одан жарақат алғандар 67 пайызға артқан. Тек тамыз айында жолдарда 377 адамның өмірі қиылды. «Бұл жағдай мүдделі министрліктер мен барлық әкімдіктер тарапынан жедел әрекет етіп, әр өңірде осы мәселені шешудің нақтылы жолдарын іздеуді талап етеді», - дейді министр. Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде жол-көлік оқиғаларының 80 пайызы жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Әрбір ЖКО-ның төртіншісі - жылдамдықты шамадан тыс асыруға, әрбір тозыншы апат жол қиылысында жүру ережесін бұзумен, әрбір оныншысы - дұрыс маневр жасамаумен, сондай-ақ әрбір он біріншісі - жолдың қарсы жолағына шығып кету жағдайларымен байланысты. «Рөлге мас күйінде отырған жүргізушілер кесірінен ЖКО саны азаймай тұр», - деді министр. Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар министрліктер мен ведомстволардың ғана емес, сонымен қатар, жалпы Үкіметтің де жұмысын қатаң сынға алды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жолда адам өліміне себеп болған көлік жүргізушілерін жазалауды қатайту туралы тапсырма берді.
Соңғы жаңалықтар