Жол ережесін бұзған ақтаулық полицей жауапқа тартылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық полиция қызметкері жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Айппұл көлемі үш АЕК-ті, яғни 6807 теңгені құрады, деп хабарлайды Лада.кз Маңғыстау облысының ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Жол ережесін бұзған ақтаулық полицей жауапқа тартылды

17 қараша күні Маңғыстау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік қызметкері бағдаршам тұсындағы тоқтау қажеттігін білдіретін жолақтан асып барып тоқтағаны туралы видео тарай бастады.  

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 601-бабы 1-бөлігі (Жол белгiлерiмен немесе жол үстіндегі жолақтармен көрсетілген талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды», - деп мәлім етті ІІД-інің баспасөз қызметі.