Жол ережесін бұзған азаматтар айыппұлы бар екендігін банктерден де біле алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлы бар екендігін азаматтар ендігі уақытта екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу кассалаларынан біле алады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, 20 қазан күні «Жол қозғалысы туралы» Заң күшіне енген. Аталған заңның нормаларының бірінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулыны дер уақытында орындамаған көлік құралын мемлекеттік тіркеуге немесе көлік құралының тіркеу мәліметтерін өзгертуге шектеу қойылған.
Осы ретте айыппұл төлеу процедурасын жеңілдету мақсатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы, ҚР Ұлттық банкі «Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, 2014 жылдың қазанынан Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу кассаларында он-лайн режімінде жүзеге асыру мүмкіндігін іске қосты
Ендігі уақытта азаматтар екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу кассаларында Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлының барын біле алады және он-лайн төлем жүзесін пайдаланып, оны өтей алады. Бұған қоса, айыппұлдың өтелгендігі жайында ақпарат ішкі істер органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу ақпараттық жүйесіне бірден жеткізіледі.
Бүгінгі таңда аталған жүйеге «Центркредитбанкі» АҚ, «Қазақ банкі» АҚ, «Қазақстандағы Пәкістанның Ұлттық банкі» АҚ, «Ресей жинақ банкі»АҚ, «Эксим банк» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ, PNB Kazakhstаn АҚ, Delta Bank АҚ, Asia Credit Bank АҚ, Forte Bank АҚ қосылған.
Алдағы уақытта бұл жүйеге еліміздегі басқа да екінші деңгейлі банктер қосылатын болады.