12:33, 23 Маусым 2010 | GMT +5
Жол ережесін бұзушылардан 252 млн. 611 мың теңге өндіріліп алынды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзушылардың 50646 дерегі анықталып,

әкімшілік жауапқа тартылды.
Жолда жүру ережесін бұзушылықтың түрлері де көп. Соның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарудың - 8579, жылдамдықты арттырудың - 7303, көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлесудің - 3240, сондай-ақ масаң күйде көлік басқару, жол үстінде апаттық жағдай туғызу, реңі өзгертілген әйнекті көлік басқару деректері бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Осы аралықта жол ережесін бұзған 37 мың 467 жүргізушіге 252 млн. 611 мың 643 теңге айыппұлдар салынды. Бұдан 188 млн. 724 мың 843 теңге мемлекет бюджетіне өндірілді.