Жол картасы: Алматы облысында қосымша 19 мың жаңа жұмыс орындары ашылмақ

ң 9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жол картасының жүзеге асырылуы арқасында Алматы облысында қосымша 19 мың жаңа жұмыс орындары ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта мамыр-маусым айларына жоспарланған Жол картасының ағымдағы жұмыс көлемі толық аяқталды, соның нәтижесінде 10 мың адам жұмысқа орналасты. 

Аймақта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту және қайта құруға, жол құрылысы жұмыстарына, мектеп, аурухана, мәдениет және спорт нысандарын жөндеуге бағытталған  283 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкін болды.

Осы жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық ведомствоаралық комиссия Алматы облысы үшін 12 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлді, соның ішіндегі 5 млрд. теңге жергілікті бюджет есебінен.

6 мыңға тарта әлеуметтік және оқу орындарын бітіретін түлектерге жастар тәжірибесі үшін 2 мың жұмыс орнын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 728 млн. теңге бөлінеді. Осы бағдарламаға қатысушыларға алты ай бойына республикалық бюджеттен айына 15 мың теңге көлемінде еңбекақы төленіп отыратын болады.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы мемлекеттік кәсіби білім жүйесін жетілдіру үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 239 млн. теңге бөлінді, бұл қаражат 7 мың адамды мамандыққа даярлауға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар