Жол картасы аясында Өскеменде бес жасөспірімдер клубы жөндеуден өткізіледі

ЕМЕН.  Шілденің  2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жол  картасы аясында  Өскеменде   5  жасөспірімдер   клубы   жөндеуден өткізіледі  және   ол  клубтардың барлығы     қаланың  шеткі аудандарында  орналасқанын  айта кету керек, 
None
None

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат   тілшісі.

Атап айтқанда,  Жаңа Соғры    кентінде «Мечта»    балалар мен жасөспірімдер клубында  жөндеу  жұмыстары     қызу  жүріп жатыр.     Клуб ашылғаннан кейін  мұнда    балалардың бұқаралық спортын   қайта  жандандыру жоспарлануда.

«Өскеменнің  балалар  мен жасөспірімдер клубтары бірлестігі»  коммуналдық  кәсіпорнының  директоры Елена Деш  ханым   «біздің қуанышымызда шек  жоқ» деп, ағынан жарылып отыр.   «Ескі  және  Жаңа Соғрыда тұратын   балаларға  клуб үшін     жеке  тұрған кең  ғимарат  берілген,  қазір сол нысанда   жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп жатыр.   Бәрі аяқталған  соң,    онда    екі бірдей клубты  «Мечта» және  «Росток» клубтарын   жайғастыра аламыз», -  дейді  Елена Деш.

Соңғы жаңалықтар