10:30, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 5,9 миллиард теңгенің жұмысы атқарылды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағында өткен жылы «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 167 нысанда 5,9 миллиард теңгенің жұмысы атқарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарастырылған қаржының 2,2 миллиард теңгесі облыстық бюджетке тиесілі. Іс-шара аясында тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтың 44, білім берудің 69, денсаулық сақтау саласының 20, әлеуметтік нысандардың 6, ауыларалық жолдар бойынша 28 жобасы шешімін тапқан. Осынау жұмыстар нәтижесінде 7 мың жаңа жұмыс орны ашылып, еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қол жеткізілді. Жобалардың аяқталуына байланысты босаған жұмысшыларды орналастыру бойынша шаралар қолданылып, 2 656 адамның 2 143-і жұмысқа орналастырылып, жастар тәжірибесі аясында 595 түлек тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.