«Жол картасы» бойынша жұмыс орындары - Атырау облысында оның іске асырылуына 9 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді

РАУ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттерден 9 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл жөнінде облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Асқар Керімов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезекте бұл жұмыссыздарды еңбекке орналастыруды, олар үшін жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Біздің облысымызда негізгі жұмыстарын жоғалтқан адамдар жұмыс істейтін 46 жоба іске асырылуда. Бұлар - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жаңғыртылатын - 10 жоба, мектептер мен ауруханаларды жөндеу және жылыту бойынша - 16, жолдарды жөндеу, жаңғырту және құрылыста -18, ауылдағы әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеуге байланысты - 2 жоба. Барлығы осы жобаларда 10 148  жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазірдің өзінде 7 426 жұмыс орындары құрылды - адамдар еңбекақы алып жатыр», - деді А.Керімов.

Соңғы жаңалықтар