«Жол картасы» Қостанайда ірі кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құруға көмектесуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының соңғы деректері бойынша 2 984 адам жұмысқа орналастырылды. Облыстың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен 358 шарт жасалды. Олардың ішінде «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Рудныйсоколовқұрылыс» АҚ, Рудный қалалық «Железорудный жылу электр комбинаты» қалалық қазыналық кәсіпорны сияқты және т.б. ірі кәсіпорындар бар. Осы кәсіпорындардағы әлеуметтік жұмыс орындарында істейтін әрбір жұмыскердің орташа еңбекақысы айына 20-30 мың теңгені құрайды.
«Жастар практикасы» жобасы бойынша 1 602 түлектің 897-сі жұмысқа жіберілді. Облыс әкімдігінің ақпараттық технологиялар бөлімнің деректері бойынша, бүгінгі күні осы бағытта облыс кәсіпорындарымен және ұйымдарымен 363 шарт жасалды. Жастар тәжірибесі бойынша орташа еңбекақы мөлшері айына 15 мың теңгені құрайды.