«Жол картасы» Тасқала ауданында оң нәтижесін беріп отыр - БҚО

Оның айтуынша, Елбасы бастамасымен қолға алынған бағдарламаның бірі «Жол картасын» жүзеге асыру нәтижесінде 2009 жылы жұмыссыздық алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Өткен жылы да осындай көрсеткіш байқалды. Сонымен қатар әлеуметтік атаулы көмек алушылар қатары азайды. Бұл көмекті 2008 жылы 192 отбасы (745 адам) алса, 2009 жылы 190 отбасы (730 адам), 2010 жылы 142 отбасы (542 адам) соған иек артып келді.
«Жол картасын» жүзеге асыру үшін барлығы 91,3 млн. астам теңге, соның ішінде жастар тәжірибесіне 9,9 млн. астам теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 26 млн. астам теңге, инвестициялық жобаларға 55,35 млн. теңге бөлінді.
Екі жылдың қорытындысы бойынша 825 жұмыс орны ашылды.
Биыл бағдарлама «Бизнестің жол картасы-2020» түрінде жалғасын табуда. Жастар тәжірибесіне 3,7 млн. астам теңге қарастырылды. 24 адамның орнына 33 тасқалалық тәжірибе арттыруға жіберілді. Қос аудан тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты.