«Жол картасы» жобасы бойынша 9 мәдениет, 4 спорт мекемесіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек

None
None
АҚТАУ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - «Жол картасы» жобасы бойынша облыстағы 9 мәдениет, 4 спорт мекемесіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасының тапсырмасына сәйкес, облыс бойынша биыл 9 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстарына 200969,00 мың теңге бөлінді. Олар: облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы, облыстық қуыршақ театры, Маңғыстау ауданының Қызан, Шайыр, Ұштаған ауылдық клубтары, Мұнайлы ауданының Баянды, Қызылтөбе ауылдық клубтары, Қарақия ауданының Жетібай мәдениет үйі, Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылдық клубы. Облыстың мәдениет саласында екі бағдарлама іске асырылуда. Мемлекеттік қорғауда тұрған тарих және мәдениет ескерткіштеріне талапқа сай үлгідегі 37 қорғау тақталары мен жолсілтегіштер орнатылды. 2009 жылдың 6 айында 508 мәдени шара өткізілді. 233 клубтық құрылымдар жұмыс жасап, оған 4113 көркемөнерпаз мүшелері қатысады. Алдағы уақытта «Мәдени мұра» орталығының экспозициясы жасақталып, Ә. Кекілбайұлының 70 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Қазіргі таңда облыстың мәдениет және өнер қызметкерлерінен құрылған «Дағдарыстан ? жаңару мен дамуға» атты 5 үгіт бригасы қалалар, аудандар көлемінде арнайы бағдарламалармен өнер көрсетуде.«Жол картасы» бойынша жергілікті бюджеттен 3 спорт мекемелерін ағымдағы жөндеуден және 1 ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Олардың жалпы сомасы 45 447 000 теңгені құрайды. Соның ішінде Ақтау қаласындағы қазақша күрестен, дзю-додан жастар және жасөспірімдердің спорт ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, күрестен жастар және жасөспірімдердің спорт ғимаратына, каратэ-додан жастар және жасөспірімдердің спорт ғимаратына, «Каспий» спорт кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жыл басынан бері облыс спортшылары көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, олар халықаралық жарыстарда қазақша күрестен, таэквандодан, республикалық жарыстарда ? еркін күрестен, сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін күрестен, жеңіл атлетикадан жүлделі орындарға ие болды.
Соңғы жаңалықтар