«Жол картасы» жобасын жүзеге асыруға 2,5 мыңнан астам кәсіпорын қатысты

None
None
АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Жол картасы» жобасын жүзеге асыруға 2,5 мыңнан астам кәсіпорын қатысқан. Бұл туралы бүгін елордада өткен «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» атты 2-ші халықаралық форумда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова айтты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, «Жол картасы» жобасына қатысқан кәсіпорындардың басым бөлігі шағын және орта бизнес субъектілері. Осыған орай тауарларды және қызметтерді сатып алу бойынша қазақстандық қамту 90 пайызды құраған. Бұл сонымен қатар жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетуге де мүмкіндік берген.

«Кәсіпорындардан салық ретінде қазынаға түскен қаржының көлемі 2 миллиард теңгеден астам. Ал жоба шеңберінде жұмыспен қамтылған азаматтардан қазынаға түскен салық аударылымдарының көлемі 400 миллион теңгені құрады», деді Г.Әбдіхалықова.

Сонымен қатар ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2009 жылы дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың жалпы тиімділігі жалпы ішкі өнімнің шынайы өсімінің 3,2 пайыздық деңгейін құрағандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар