Жол картасына 105 миллион теңге бағытталды - Қорғалжын ауданы

ШЕТАУ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауданында өңірлік Жол картасына бюджеттен 105 миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылып, оның дені игерілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Сұлтан Касеновтың айтуынша,  қаржының негізгі бөлігі Қорғалжын мен Арықты орта мектептерінде, «Балауса» мектеп жасына дейінгі мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталып отыр. Оның сыртында республикалық бюджеттен бөлінген он миллион теңге Қорғалжын-Баршын тас жолын қалпына келтіруге жұмсалуда. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 44,5 миллион теңге, жастар тәжірибесіне 1,8 миллион теңге ескерілген. Соған сәйкес 26 кәсіпорынмен келісімшарт жасалып әр селолық округте әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, ал Қорғалжын мен Сабынды селолық округінде жастар тәжірибесі бағдарламасы шешімін тауып отыр. Сол бойынша  68 адамға жолдама берілген. Қазіргі кезде әлеуметтік қолдау жобасына сәйкес 2 топ жасақталып, 43 адам дайындық курстарына тартылды.

Соңғы жаңалықтар