09:30, 26 Тамыз 2010 | GMT +5
«Жол картасынан» үнемделген қаражатқа әлеуметтік нысандар жөндеуден өткізілмек - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында «Жол картасын» жүзеге асыру барысында 305 миллионнан астам теңге үнемделді, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Галина Давдрикова. Осы үнемделген қаржы Ақтоғай және Баянауыл ауылдарындағы мәдениет үйлерін күрделі жөндеуге, облыстық маңыздағы жолдар мен Павлодардағы бірқатар көшелерді қалпына келтіруге жұмсалмақ.

Оған қоса, облыстық бюджеттік басымдықты емес шығыстарын оңтайландырудан түскен және тамыз айының басындағы жағдай бойынша үнемделген қаржылар да қайта үлестіріліп отыр. Ол қаражат Павлодардағы, Новоямышево, Черноярка және Көктөбе селоларындағы балабақшаларды қайта құрылымдауға, тұрмысы төмен отбасынан шыққан студенттердің жоғары білім алуларына бөлінетін әкімнің гранттарын арттыруға, Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларын өткізуге жұмсалады.