Жол картасының 155 жобасы бойынша қаржы тапшылығы 1,5 млрд. теңгені құрайды - ҚР Президенті

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Жол картасының 155 жобасы бойынша қаржы тапшылығы 1,5 млрд. теңгені құрайды. Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

Елбасының атап өтуінше, бірқатар өңірлер «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында бөлінетін қаржы тапшылығына душар болып отыр. «Қазірдің өзіне өңірлік комиссиялармен мақұлданған 155 жоба бойынша тапшылық 1,5 млрд. теңгені құрайды», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар