Жол картасының арқасында Ақтоғайда екінші балабақша ашылады - Павлодар облысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол картасы бағдарламасы бойынша алынған қаражатқа аудан орталығында бұрынғы мектеп-интернаттың жаңартылатын ғимаратында екінші балабақша ашылғалы отыр. Ал қазіргі балабақшада тағы екі қосымша топ ашылмақ.
Жаңарту жұмыстары жүргізілген бұрынғы әмбебап дүкеннің үлкен ғимаратына балалар мен аудандық кітапхана көшеді. Балалардың музыкалық мектебі мен балалардың шығармашылық үйі де қоныс тойын тойлайды.
Жол картасы бойынша Ақтоғай ауданында барлығы 17 әлеуметтік нысан жөндеуден өткізіледі, олардағы жұмыстарға 136 миллион теңге қаражат бөлінді. Тендерлердің қорытындысы бойынша аталмыш соманың 10 пайызы үнемделіп отыр. Ол қаражат мәдениет мекемелерін ретке келтіруге жұмсалады.