16:40, 15 Маусым 2010 | GMT +5
«Жол картасының» арқасында көшелерді жөндеуден өткізу қолға алынды
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - «Жол картасы» бағдарламасы аясында Шиелі кентінің бірнеше көшелері ағымдағы және орташа жөндеуден өткізіле бастады.

Ағымдағы жөндеу кенттің 12 көшесінде жүргізіледі. Оған бюджеттен 21 млн. теңге қарастырылса, орташа жөндеу жоспарланған 10 көшенің қатарында Уәлиханов, Мұратбаев, Қазантаев, Дулатов, Әбдиев атындағы көптен бері қағажу қалып келе жатқан көшелер бар. Бұл мақсатқа 33 млн. теңге бөлініп отыр. Нақты кезеңде тендер жеңімпазы «Шиелі-Жолшы» ЖШС мекемесі қазір атқарылар шаруаның жартысынан астамын жүзеге асырып үлгерді.