Жол картасының жүзеге асырылу барысына партиялық бақылау орнатылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өспен ауданындағы барлық 26 нысанды партиялық бақылаудың арнайы топтары күн сайын аралайды. Олар мектептердегі, медициналық мекемелер мен мәдениет үйлерінде жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының атқарылу сапаларын қадағалауда, ауылдардағы абаттандыру жұмыстарының барысын бақылауда. Әрбір он күн сайын қоғамшылар мониторинг қорытындылары туралы баян етіп отырады.
Өспен ауданында Жол картасының нысандарына 115 миллион теңге бөлініп отыр, барлық қаражат мақсаттары бойынша жұмсалуда.
Жол картасы нысандарындағы жұмысты бақылау үшін Қашыр ауданында да «Нұр Отанның» комиссиясы мен алты қосыны құрылып отыр. Екібастұз және Ақсу қалаларында да партиялық топтар белсенді жұмыс істеуде.