Жол-көлік оқиғалары салдарынан Астанада 55 адам көз жұмған

Оның мәліметінше, осы аралықта елорда жолдарында 500-ден астам жол-көлік оқиғалары тіркелген. 590 адам түрлі дене жарақаттарын алды. «Жол қозғалысының кәмелеттік жасқа толмаған қатысушылары 124 жолкөлік оқиғасына ұшырады. Өкінішке орай, 4 бала көз жұмып, 121-і жарақаттанды», - деп атап өтті Б.Шоланов.
Сонымен қатар оның айтуынша, ағымдағы жылдың 11 мен 17 қараша аралығында Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» кеңауқымды акциясын өткізетін болады.
Осыған орай жол полициясының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды.
Аталмыш акция Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күніне орайластырылады. Еске сала кетейік, БҰҰ Бас ассамблеясының Резолюциясына сәйкес қараша айының үшінші жексенбісі Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні деп жарияланған.