Жол құрылысының сапасын бағалау жүйесі қайта қаралып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің рөлі күшейтіледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.
- Жол құрылысының сапасын арттыруға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында материалдарды қолдануға жіберуден бастап объектілерді пайдалануға бергенге дейінгі барлық кезеңде бақылауды, сондай-ақ «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің рөлін күшейте отырып, жол құрылысының сапасын бағалау жүйесі қайта қаралып жатыр. Сапасыз инертті материалдардың жеткізілуін жоққа шығару үшін материалдық-техникалық ресурстардың электрондық базасы енгізілді, объектілерде сапаның кіріс бақылауын аккредиттелген сынақ зертханалары жүзеге асырады, - деді О.Бектенов Құрылтай депутатының сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап битумды жіктеудің ұлттық стандарты қолданысқа енгізілгенін, онда елдің климаттық жағдайлары ескерілгенін, жаңа жобаларда полимермен модификацияланған битумды қолдану қарастырылғанын еске салды.
- Жобаларды іске асыру «толық бітіріп беру» шартымен кешенді келісімшарттар жасауға ауыстырылып жатыр және отандық мердігер ұйымдар тартылмақ, - деді Үкімет басшысы.
Бұған дейін хабарланғандай, жаңадан салынатын жолдарда модификацияланған битум қолданыла бастайды.