Жол полицейі пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Май ауданының соты жол полициясының аға мемлекеттік автоинспекторын дүние-мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке сілтеме жасап. Инспектор машинаны мас болып басқарған жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартпау үшін 25 мың теңге мөлшерінде пара алып тұрған жерінде ұсталған. Полиция қызметкеріне сондай-ақ, мемлекеттік органдарда мемлекеттік лауазымдар атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру туралы қосымша жаза тағайындалып отыр. Сот үкімі күшіне енді.
Соңғы жаңалықтар