Жол полицейіне бес мың теңге пара бермек болған жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

КӨКШЕТАУ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы Сандықтау ауданына қарасты Шаңтөбе кентінің 1976 жылғы тұрғыны жол полицейіне пара бермек болған жерде қолға түсіп, оның үстінен ҚР ҚК-сінің 312-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол полициясы басқармасының жеке құрамдағы батальон инспекторы Қайрат Әлімбаев әдеттегідей кезекшілікке шығып, күре жол бойында жүк көлігін тоқтатып, тексеріс жүргізген. Соның барысында көлікке қайта жарақтау жасалғаны, қосымша жабдық орнатылғаны турасында тиісті құжаттары болмағандығы анықталды. Жол тәртіп сақшысы аудандық ішкі істер бөлімінде ҚР әкімшілік жауапкершілік кодексі 461-ші бабы 6-шы тармағына сәйкес хаттама толтыру кезінде жүргізуші «кінәсін жуып-шаюды» бес мың теңгеге бағалап, оңай құтылуды көздейді. Пара бермек болған күдікті сол жерде айғақты дәлелдермен қолға түсіп, енді заң алдында жауап беретін болады. Қазір тергеу амалдары жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар