17:39, 29 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Жол полициясы: БҚО-да жаяу жүргіншіні қағып кетіп, бой тасалаудың 17 фактісі тіркеліп отыр
ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да жаяу жүргіншіні қағып кетіп, бой тасалаудың 17 фактісі тіркеліп отыр, осы оқиғалардың салдарынан 3 адам қаза тауып, 14 жарақат алған.
Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жаяу жүргіншіні қағып кетудің 4 фактісі ашылмай отыр. Мәселен, 25 желтоқсан күні Оралда алдын ала болжам бойынша "Ниссан Максима" автокөлігін айдаған жүргізуші 06.00 сағат шамасында 1942 жылғы Василий Мартяжкинді қағып кеткен. Ол сол оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі кезде аталмыш автокөлік пен жүргізуші іздестірілуде.
Өңірде жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жаяу жүргіншілерге қатысты болып отыр. Атап айтқанда, биылғы он бір айда 139 жол апатынан 27 жаяу жүргінші мерт болып, 117-сі жарақат алған. Бұл өткен жылғыдан едәуір көп, 2010 жылы осы мерзімде 93 оқиғадан 16 жүргінші қайтыс болып, 79-ы жарақаттанған еді.